Ағымдағы жылы ЭКСПО-2017 мамандырылған халықаралық көрмесi Астана қаласында өтедi.
«EXPO-2017» көрмесi Қазақстан үшiн айтулы оқиға болады: мұндай ауқымды көлемдегi халықаралық көрме Орталық Азия мен ТМД елдерiнде бұрын-соңды өтпеген.
Көрме тақырыбы «жасыл энергетика», яғни энергияны жаңғырмалы көздерден (ЖЭК) алу технологиясы болады.
«Астана ЭКСПО-2017» 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйек бойы (93 күн) өтетiн болады, оған бiздiң облыс тұрғындары қатысады.
Халықтың әлеуметтiк әлжуаз топтары үшiн Көрмеге билеттер бағасын түсiру және жеңiлдiктер қаралған: ҰОС қатысушылары және мүгедектерiне, жеңiлдiктер мен кепiлдiктерi бойынша ҰОС қатысушылары және мүгедектерiне теңестiрiлгендерге, барлық топтағы мүгедектерге билеттер тегiн берiледi. Зейнеткерлердiң 50% жеңiлдiкпен билет сатып алуға құқығы бар.
Қазiргi кезде Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы аталған санаттағылардың ЭКСПО-2017 көрмесiне барулары бойынша ұйымдастыру iс-шараларын жүргiзуде.
Көрмеге барушылардың тiзiмiне енгiзу мәселесi жөнiнде (мүгедектер, зейнеткерлер, ҰОС қатысушылары және мүгедектерi, жеңiлдiктер мен кепiлдiктерi бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлгендер) тұрғылықты жерi бойынша аудандық/қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне жүгiнуi қажет.
Қараулар: 862