Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы (бұданәрi — Басқарма) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудi жүзегеасырады.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративiшiлiк ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы №559 бұйрығы қолданысқа енгiзiлдi, оған сәйкес рұқсаттыбергенiжәне (немесе) ұзартқаны үшiн жұмыс берушiлерден «Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты бергенi және (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 18 тамыздағы №459 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты бергенi және (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерiне сәйкес салық алымы алынады.
Экономикалық қызмет түрлерiне және тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң санаттарына байланысты шетелдiк жұмыс күшiнтартуғарұқсаттыбергенiжәне (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерi 137-ден 250 АЕК-ке дейiн шаманы құрайды.
Рұқсаттар халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде берiледi.
2018 жылға квотаны қалыптастыру үшiншетелдiк жұмыс күшiн тартуға ниет бiлдiрген жұмыс берушiлер 1 тамызға дейiн Басқармаға алдағы жылға шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктi ұсынады.
Жұмыс берушiлердiң қажеттiлiгiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi — Комиссия) қарайды, ол жұмыс берушiлердiң алдағы жылға сұратып отырған шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру туралы не одан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның шешiмi жұмыс берушiлердiң әрбiр өтiнiмiне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерi қол қояды.
Қосымша сұрақтар бойынша 8(715-2) 46-37-43 телефонға хабарласуға болады, факс 46-90-73, электрондық пошта zsp@sko.kz, басқарманың веб-сайты ukzsp.sko.gov.kz.
Қараулар: 1069