1. Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 151300, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ы.Ыбыраев атындағы көшесі, 50.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
- Мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ акимата района Шал ақына Северо-Казахстанской области».
10. Осы Ереже «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан аумағында әлеуметтік-еңбек қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
14. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
- ұлты, жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, саяси пайымдары, дінге деген қатынасы және кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан еңбек ету құқығын және қызмет түрі мен кәсіп таңдау еркін жүзеге асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
- жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін іс-шараларды жүзеге асыру;
- бұқаралық жұмыссыздықтың алдын алу және ұзақ жұмыссыздықты қысқарту;
- тұрақты және өнімді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- өмір сүруі қиын жағдайдағы тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек атаулылығын және тиімділігін күшейту;
- біліктілік пен кәсіби деңгейді тұрақты арттыру;
- бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету.
15. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік саласында:
- еңбек нарығы мониторингі;
- кадрлар даярлау және оларды жұмысқа тұрғызу қажеттілігін анықтау;
- еңбек нарығы қажеттілігіне және оның келешек дамуына сәйкес кадрлар даярлауға білім жүйесін бағдарлау;
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, жергілікті атқарушы органды ауданның еңбек нарығы жағдайы туралы ақпараттандыру;
- кадрлардың болжамды қажеттілігі туралы жұмыс берушілерден ақпарат сұрау;
- ағымдағы бос жұмыс орындары туралы және мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сонымен қатар жеке сектор бастамасы шегінде іске асырылатын жобаларда талап етілген мамандықтар кесіндісінде құрылатын жұмыс орындары болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласы бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректер базасын қалыптастыруға қатысу;
- жергілікті атқарушы органдардың білім беру мәселелері жөніндегі құрылымдары, білім беру ұйымдары, білім беру қызметіне құқығы бар кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдар жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізіліп жатқан кәсіптер (мамандықтар) туралы, даярланған және нақты кәсіп (мамандықтар) бойынша бітіруге даярланған және жоспарланғандар саны туралы ақпарат алу;
- халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіру, оған әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған ауданда іске асырылып жатқан бағдарламалар мониторингін жүргізу;
- халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс орындарын квоталау жөніндегі аудан әкімдігінің қаулы жобаларын әзірлеу;
- аудан әкімі, жұмыскерлердің аудандық бірлестіктері және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасында үшжақты Келісімді, әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссия жоспарын, үшжақты Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
- аудандық үшжақты Келісімді орындау туралы ақпараттық материалдар даярлау;
- әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияотырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- қолданыстағы заңнамамен белгіленгенқұзырет шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру;
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында:
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету;
- мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмегін көрсетуді үйлестіру;
- үйдегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) өзге функциялар:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен, объективті, жан-жақты және уақтылы қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау, құзыретке кіретін мәселелер бойынша заңды тұлғалар өкілдерін және азаматтарды жеке қабылдау;
- кәмелеттік жасқа толған тұлғаларға қатысты қамқоршылық пен қорғаншылық жөніндегі мемлекет функцияларын жүзеге асыру;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
- бекітілген тәртіпте халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі семинарлар, мәжілістер, сонымен қатар халық арасында құзыретке кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын өткізу;
- қолданыстағы заңнамамен белгіленген құзырет шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру;
16. Құқықтары мен міндеттері:
- бекітілген тәртіпте ауданның атқарушы органдарынан, сонымен қатар меншік нысанына қарамастан ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындардан «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалық және өзге материалдарды сұрау және алу;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсінік беру;
- білім беру ұйымдарында білім беру сұрақтарынан хабардар мемлекеттік органдардан, мамандар даярлау, қайта даярлау және біліктілік арттыруды жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу курстарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізіліп жатқан кәсіптер (мамандықтар) туралы, даярланған және нақты кәсіп (мамандықтар) бойынша бітіруге даярланған және жоспарланғандар саны туралы ақпарат сұрау;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілерден нәтижесінде жұмыскерлерді қысқарту болуы мүмкінболжамды құрылымдық өзгерістер мен өзге іс-шаралар туралы ақпарат алу, сонымен қатар жұмыс күшінің қажеттілігі туралы, қысқартылатындар саны мен кәсіптік-біліктілік құрылымы, жұмысқа қабылданғандар мен босатылған жұмыскерлер туралы өзге мәліметтер алу;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
- бекітілген тәртіпте «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу мәселесін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, сонымен қатар нұсқаулар береді;
- мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
- заңнамаға сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орынбасары немесе басқа мемлекеттік қызметші орындайды.
21. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Құрылтайшы және уәкілетті орган туралы мәліметтер
25. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару жөніндегі құрылтайшы және уәкілетті орган Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі болып табылады.
Құрылтайшының орналасқан жері: 151300, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ы. Ыбыраев атындағы көшесі, 50.
Құрылтайшы Ережені бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін жою және қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі
26. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде екі демалыс күні (сенбі, жексенбі) бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
Жұмыс күнінің ұзақтығы сегіз сағатты құрайды.
Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
7. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
28. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.