Біз Сіздерді Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ресми сайты Сізге, біздің бөлім туралы жедел, объективті және нақты ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететініне, жаңа достар мен іскер серіктестер табуға көмектесетініне сенімдімін.
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де сенім телефоны орнатылған.
Әдеп кодексін және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу фактілері бойынша +7(71534) 2-16-91 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Заңды мекенжайы: 151300, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ибраев көшесі, 50
Телефондар: +7 (71534) 2-18-31, +7 (71534) 2-15-37
Электрондық пошта: shn-enbek@sqo.gov.kz
Өмірбаяны
Жарқын Берікұлы Мұхамеджанов 1990 жылы 19 қазанда дүниеге келген (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Куприяновка ауылы). 2013 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Экономика" бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы "Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бухгалтер көмекшісі болып бастаған
Еңбек қызметі:
01.2010 | 09.2013 | Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бухгалтері |
09.2013 | 07.2016 | Шал ақын ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ бас маманы |
07.2016 | 06.2019 | Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ есеп және статистика секторының меңгерушісі |
06.2019 | 11.2020 | Шал ақын ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ басшысы |
12.2020 | 09.2023 | Шал ақын ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ басшысының орынбасары |
2023 жылғы 7 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін — "Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысы.
Тел.: +7 71534 2-16-91
Біздің сайтқа қош келдіңіз!